Алматыда жол талғамайтын TANK 300 автокөлігінің ресми тұсаукесері өтті
Алматыда жол талғамайтын TANK 300 автокөлігінің ресми тұсаукесері өтті

"Астана Моторс" дистрибьюторы TANK брендін қазақстандық нарыққа ресми түрде ұсынады. Компания бұл брендті шығаруды 2022 жылдан бері жоспарлаған. Осылайша биыл мамыр айында TANK Kuldjinka бірінші уәкілетті дилерлік орталығы ашылды.

Автокөліктің жол талғамайтындығын анық көрсету үшін тұсаукесер жабайы пикник түрінде белгілі қазақстандық зілтемірші спортшылардың қатысуымен өтті.

Көлікті алғашқылардың бірі болып емденген Мақсұт Жапабаевқа кілт табыстау сәті мерекенің маңызды кезіне айналды. Қуанышты көлік иесі неге дәл осы модельді таңдағанын айтып берді.

"Әйелім екеуміз көлікті жаңартқымыз келіп, біраз нарықты қарадық. Сол сәтте менің назарым бірден Қытай автоөндірісіне ауды. Олар соңғы бірнеше жылда керемет қарқынмен дамуда әрі тамаша технологиялық көліктер ұсынуда. TANK шығарылымын көргенімде тіпті өмірімде бірінші рет тест-драйвсыз пікірлерге қарап сатып алдым”,- деді Мақсұт Жапабаев.

TANK

TANK 300-дің Қазақстанға келуін тек Мақсұт қана емес тұсаукесер қонағы Әділет те күткен. Өткен жылдың қараша айынан бастап жол талғамайтын көлік туралы жаңалықты үзбей қадағалаған азамат бұл брендпен танысу үшін Астанадан арнайы келген.

"TANK 300-ді көзбен көріп-ақ сенім ұялайды! Ал оның сипаттамаларымен танысқанда тіптен қызыға түсесің. Жол талғамайтын көлікке әуес жандардың ең негізгі мәселесі үнемі жаңарту жұмыстарын жүргізу еді. Ал мұнда ештеңені жаңартып, қосудың қажеті жоқ. Себебі көліктің өзі барлық жолға жабдықталған әрі төтенше жағдайларға да дайын. Әрине, сипаттамасы мен дизайны тамаша, бағасы да қолайлы”,- деді Әділет.

TANK

TANK 300 - рамалық, толық жетекті, екі алдыңғы дөңгелегінде төменгі беріліс пен құлыптау құралы орналасқан. Оның толық металдан жасалған корпусында резеңке-металл мойынтіректері бар.

Конструкцияның өзінде өте жоғары берік болат маркалары кеңінен қолданылған.

TANK 300 – орташа өлшемді жол талғамайтын көлікте 2 литрлік бензин турбо қозғалтқышы (220 а.к. және 380 Нм) мен 8 жылдамдықты ZF автоматты беріліс қорабы бар.

TANK

TANK Қазақстандағы дистрибьюторлық директоры Владимир Сошкин құттықтау сөз сөйледі.

"Бұл автомобиль нағыз күрделі толық жетекті озық технологиялармен және премиум класс интерьерімен үйлсім тапқан. Ол сенімділік пен күшті стильді береді және кез келген жағдайға дайын. Қайда барсаңыз да, TANK 300 кез келген қиындықта жолда қалдырмас, сенімді серігіңізге айналады",- деді Владимир Сошкин.

TANK

Базалық жинағымен TANK 300 жол талғамайтын көлігі 18 990 000 теңгеге ұсынылады.

Зауыттық кепілдік 5 жыл немесе 150 000 километр. Автокөлікті Алматы және Атырау қалаларының дилерлік орталықтарынан сатып алуға болады. Басқа қала тұрғындары сайт арқылы өтініш бере алады. Дистрибьютор ағымдағы жылдың соңына дейін бүкіл Қазақстанды тұрақты қамтуға уәде беріп отыр.

Басқа жаңалықтар

Экстремальное автопутешествие к самой восточной точке Казахстана. Заметки автопутешественника

Бүкіл Қазақстан арқылы Tank: Маңғыстауға саяхат

TANK 500 ең жоғары қауіпсіздік рейтингін алды.