«TANK 500-ті жоғары өткіштігі мен салонының жоғары сапасы үшін таңдадым. Жол үстінде автокөлік өзін өте жайлы ұстайды, TANK 500 жолсыз жерде күшті екенін көрсетті, жолсыз жерлерге арналған функциялары таң қалдырды, автокөлік жаңа жауған борпылдақ қардан өзі-ақ шығып кетті
Андрей Сидоренко, Алматы қ., автокөлігін TANK ARB орталығынан сатып алған
6 айдан бері иелік етеді.
«Автокөлік бірінші кезекте жол талғамайтын көлік ретінде ұнады. Тоғыз сатылы автоматты ширақ беріліс қорабы бар, бұл сирек кездесетін жағдай, оптикасы бейімделеді, интерьерде түймелердің ыңғайлы орналасқаны ұнайды, экранының сапасы жақсы. Үлкен клиренсі 22-лік дискілер қоюға мүмкіндік береді. Автокөлік иесі ретінде кеңес беремін»
Үсен, Шымкент қ.
Автокөлігін TANK Nomadcar орталығынан алған
«Бәрінен экстерьері мен салонының ыңғайлылығы ұнады. Өз бағасына лайық жақсы сапа.
Мен тауға жиі барып тұрамын, TANK 500 батпақтан, құмнан және тастардан қорықпайды. TANK 500-дің жолсыз жерде көмектесетін көптеген артықшылықтары бар, сондай-ақ автокөлік тас жолда да жақсы ұстайды, жүрісі өте жұмсақ. 8 айдан бері әртүрлі жағдайларда жол жүріп келемін, осы уақыт ішінде бармаған жерім жоқ, тағар ешқандай мінім жоқ, тек стақанқойғыштары көбірек болғанда. Жарнамасын көріп бірден ғашық болдым, тест-драйвтан өттім, TANK 500-ден басқасын қаламадым»
Нұрсұлтан Демеш
Алматы қ., автокөлігін TANK ARB орталығынан сатып алған
8 айдан бері иелік етеді
Жүрген жолы 18 000 км.