
GWM және TotalEnergies 15 жылдан астам уақыт бойы HAVAL, TANK және GWM автомобильдері үшін заманауи майлау материалдарын бірлесе әзірлеуде. Осы уақыт ішінде серіктестер технологияларды дамытуда және жаһандық нарықтағы позицияларын нығайтуда елеулі нәтижелерге қол жеткізді.
TotalEnergies командасы HAVAL, TANK және GWM автомобильдеріне арнайы бейімделген толық әрі заманауи өнім желісін ұсынады, сондай-ақ Қазақстан аумағында TotalEnergies Marketing Kazakhstan арқылы техникалық сервистерді қамтамасыз етеді.
«Біз үшін TotalEnergies компаниясымен ынтымақтастық — бұл клиенттеріміз үшін сапа мен сенімділіктің қосымша кепілі. Әлемдік деңгейде сыналған шешімдерді қолдану GWM автомобильдерінің ең жоғары тиімділігі мен ұзақ мерзімділігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», — деді Haval Motor Kazakhstan директоры, Қазақстандағы Haval және TANK брендтерінің ресми дистрибьюторы Эдуард Геннадьевич.
TotalEnergies Marketing Kazakhstan HAVAL, TANK және GWM брендтерінің негізгі құндылықтары — сенімділік пен клиентке қамқорлықты бөлісетін сенімді жеткізуші ретіндегі рөлін растайды.